Әзімбай Ғали биліктегі Ресей агенттерін айтып салды
2017 ж. 29 мамыр
5742
8
Сонда кім орысшыл? Ол орысшылдар қайдан шыққан? Алматыда көше қазақтарының жартысы орысша сөйлейтіні рас па? Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында саясаттануы Әзімбай Ғали жазыпты.
Бұл туралы kaz.365info.kz порталы хабарлайды.
«Нұрекең орысшыл емес» дейді Әзекең. — Бірақ Алматыда көше қазақтарының жартысы орысша сөйлейді».
Бұл арада бұл кісінің көше қазақтары дегенін қала қазақтары деп түсінген дұрыс шығар. Әрі қарай оқиық…
Алғашқы жылы
Егемендіктің алғашқы жылы билікке орысшыл қазақтар келді дедім. Бірақ, келе-келе жағдай өзгереді деп сендік. Алайда қазақ ішіндегі орысшылдық күш алып келеді. Мұның алдын әзірден алмасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Мен сіздерге мынаны айтайын.
Биліктегі көптеген жоғары атқамінерлер орысшылдар – Ресейдің агенттері.
Путиннің басқа елдерде өз агенттерін ұстайтын әдеті бар. Олар ҚР Президенттіне емес, РФ Президентіне бағынуы ғажап емес. Басқа елге бағынушылықтың белгісі, төл тілін толық игере алмаушылықтан байқалады.
Тіл «жұмсақ күш», бірақ бұл күш өте әсерлі күш. Бізге «позитивтік тілдік дискриминация» саясаты және «нормативтік ұлтшылдық» саясаты керек. Бұл саясат отаршылдық пен ұлттық езгіден құтылған елдерде пайдаланылып тіл саясатының пәрменін көтерді. Аталған саясат атаулары халықаралық құқықпен және адам құқығымен санасады. Басталғаннан кейін сол саясат он-он бес жылдан кейін аяқталу керек.
Орыс азайса да орысшылдық азайған жоқ
[caption id="attachment_264142" align="alignnone" width="293"] Б. Майлыбаев[/caption]Орысшылдардың кейбіреуі Ресейдің агенті болмауы мүмкін, бірақ ол русофил, немесе орысқұл, олар Ресейдің мүддесіне тегін және өз ниетімен еңбек етеді.
Сонда олар орысқұл айлықты бізден, ал қызметті Ресейге істемек.
Аса өрескел орысшыл әрекеттерімен көрінген Майлыбаев пен Галихиндер қызметтен қуылды, бірақ отаршылдыққа қарсы люстрация жұмысын жалғастыру қажет. Мені үрейлендіретіні —
еліміздегі орыстар азайса да орысшылдық азаймағандығы.
Кейбір жағдайда сарапшылар кінәлі: олар саяси конъюктураға сәйкес ұсыныстар жасайды: олар сол Ресей агенттерінің ықпалымен үштұғырлы тілді жүзеге асырды.
Қазақ мектебін орыстандыруды егемендік тұсында жүзеге асыру бұл!
Қарин кінәлі ме?
Әрбір заң, ұсыныс анығында, сарапшылар саралауынан өтеді – солардың рұқсаты арқылы жүзеге асады.
«Үштұғырлы тілді» жүзеге асыру тұсында КИСИ және сол кездегі басшысы қайда болды (бұл арада саясаттанушы қазір Қазақстан арнасын басқарып отырған Ерлан Қаринді тілге тиек етсе керек)? Егерде сол тұста өз қарсылығын білдірсе, бұл жобаны «шикі» деп тапса, «үштұғырлы тіл» өтпей қалатын еді.
Барлық кем кетікті жоғарыдан көруді қою керек. Айтарым, барлық бәле сарапшылар мен үзеңгілестерден.