АҚШ Украинада болған ашаршылықты геноцид деп таныды
2017 ж. 24 мамыр
2986
4
АҚШ-тың Уашингтон штатының сенаты 1932-1933 жылдары Украинада болған ашаршылықты украин халқына жасалған геноцид екенін мойындайтын құжатты қабылдады деп хабарлайды «Голос Америки» ақпарат агенттігі.
Құжатта «Украинада болған ашаршылық, Иосиф Сталин мен Кеңес үкіметінің украин халқына жасаған геноциді» делінген. Бұл бастаманы Уашингтон штаның сенатында АҚШ-тің Республикалық партиясының мүшесі, сенатор Марк Милосиа көтерген. Бірақ қабылданған құжатқа Уашингтон штатында тұратын орыс диаспорасы қарсылық танытқан.
Естеріңізге салайық, бұдан біраз уақыт бұрын Португалия парламенті Украинадағы ашаршылықты геноцид деп мойындаған болатын.