Астаналық процесс Сириядағы жағдайды тұрақтандыруы мүмкін - сарапшы
2017 ж. 05 мамыр
2152
1
Астанадағы келіссөздер Сириядағы жағдайды реттеуге сүбелі үлес қосуы мүмкін. Бұл туралы Әлемдік саясат және экономика институтының сарапшысы Асқар Нұрша Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның пайымдауынша, Сирия провинциясындағы химиялық шабуылдар мен АҚШ-тың зымыран соққыларынан кейін ұшыққан халықаралық жағдай салдарынан орын алған шиеленісті реттеуге Астана процесі айтарлықтау септігін тигізуі мүмкін.
"АҚШ-тың Астанада өтіп жатқан Сирия процессіне айрықша назар аударуы - символикалық акция. Мамырдың 2-күні өткен келіссөздердің төртінші кезеңі қарсаңында Владимир Путин мен Дональд Трамптың телефон арқылы сөйлесуі де атап өтерлік жайт. Әрине, бұдан келліссөздердің әлі қанша уақытқа созылатыны туралы қорытынды шығара алмаймыз. Сириялық мәселе бойынша көзқарас қайшылықтары әлі де өзекті болып тұр", — дейді сарапшы.
Атап өтерлігі, Астанадағы келіссөздер аясында Сирияда қауіпсіз аймақтарды құру туралы меморандумға қол қойылды. Келіссөздердің келесі кезеңі шілде айында өтеді деп жоспарланған.