Белгілі саясаттанушыға Жаңаөзен оқиғасын қаралауды кім ұсынды?
2017 ж. 02 мамыр
3681
3
Құдай мені бірнеше рет жаңсақ қадамнан сақтап қалды.
Теледидар тарапынан Жаңаөзен оқиғасын қаралау ұсынылды. Бір рет қана емес, екі рет жалынып өтінді. Кейін алаңға шыққан наразы топ аштық акциясын жариялағанда да тағы сол өтініш түсті.
Екі мәрте жоқ дедім.
"Он мыңдық теңге купюрасына Елбасы бейнесін қою керектігі туралы теледидардан ойыңызды айтсаңыз" деген де өтініш түсті. "Жоқ" дедім, тағы да.
2016 жылғы көктемде "жерге қатысты митингілерге шықпаңдар" деп теледидар арқылы айт деп тағы өтінді. Бұл жолы да жоқ дедім.
Енді құлағым тыныш. Бас теледидарлар мазаламайды. Қырсық шал атансам да қартайғанда абыройымды сақтап қалдым-ау деп ойлаймын.