Қазақстандық шенеунік қызының тойында ішімдік ішу үшін рұқсат сұрады
2017 ж. 18 сәуір
3124
2
Қазақстанның мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметкердің ішімдік ішуіне бола ма және қандай мөлшерде деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды Sputnik Казахстан басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
"Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті мен тәртібі қоғам тарапынан сынға ұшырамауы керек. Осыған байланысты мемлекеттік қызметкерлер салтанатты шаралар кезінде де жоғарыда айтылған өзін-өзі ұстау тәртіптерін сақтау керек", - деп жауап берді Шпекбаев.
Бұл туралы ол "Жемқорлықтың алдын алу, қызметтік этиканы сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру" тақырыбында өткен интернет-конференциясы барысында айтты.
Жалпы алғанда, төраға орынбасары этикалық кодекске сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер бос уақытында жалпыға ортақ адамгершілік-этикалық нормаларды сақтау қажет екенін еске салды. Сонымен бірге, ол әдепсіз қылықтарға, оның ішінде ішіп алған күйде қоғамдық орындарда жүрмей, өзгелердің намысына тиетін әрекеттерге жол бермеу қажеттігін де айтты.