Премьер-министр Сапарбаевты клондау керек деп мәлімдеді
2017 ж. 31 наурыз
5329
10
Ақтөбеге іссапармен келген премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыста атқарылған жұмыстарға тамсанып, таңдай қағып кетті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
"Көрген нəрсеге көз тойып отыр. Көптеген жұмыстар жасалған. Мен Ақтөбеге жыл сайын келемін. Келген сайын өзгерістерді көріп отырмын. Мұның бəрі елбасы берген тапсырмалардың жергілікті жерлерде орын алуын көрсетеді", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Премьер-министр Ақтөбедегі аураны өзгертіп, шетелдік инвесторлардың өзін шыр айналдырып отырған облыс əкіміне риза болды.
"Шетелдік инвесторлармен көбірек жұмыс жасауымыз керек. Ақтөбедегі бірнеше нысанды аралағаннан кейін қуанбау мүмкін емес. Өңірде тек өзге облыстың кəсіпкерлері ғана емес, шетелдік инвесторлар да жұмыс жасауға қызығушылық танытып отыр.
Мұнда жедел жəрдем қызметіне шетелдік инвесторлар тартылған. Басқа өңірде ондай жоқ. Мүмкін Бердібек Машбекұлының көшірмесін жасау керек шығар",- деді премьер-министр.