Ресейде мыңдаған адам билікке қарсы митингке шықты (ФОТО)
2017 ж. 27 наурыз
3173
3
Ресейдің бірнеше қаласында премьер-министр Дмитрий Медведевке қарсы митингтер ұйымдамтырылды. Бұл туралы Sn.kz жазады.
Оған саясаткер Алексей Навальный мен оның Жемқорлықпен күрес қоры жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі себеп болып отыр. Аталған қор әзірлеген деректі фильмде Медведевтің элиталық аудандарда мыңдаған гектар жері, зәулім үйлері, көне сарайлары, агрокешендері мен жүзімдіктері, сондай-ақ, шетелде де жылжымайтын мүлкі көп екені айтылған.
Осынау зерттеу жұмысының нәтижесін Навальный бірнеше ай бұрын жариялаған болатын. Алайда, премьер-министр тарапынан бұл видеоматериалға еш жауап болған жоқ. Осыған байланысты саясаткер-блогер бүкіл Ресей халқын 26 наурызда жемқорлыққа қарсы митингке шығуға шақырды.
"Ол бізге Димон емес" деген ұранмен ұйымдастырылған митинг ең алдымен Қиыр Шығыс пен Сібірден басталды.
"ОВД-Инфо" порталының мәліметінше, Владивосток қаласында тәртіп сақшылары ереуілге шыққан 30 шақты адамды ұстаған. Акция вокзал маңындағы алаңда ұйымдастырылған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, митингке мыңнан ата адам келген.
Ал, Оңтүстік-Сахалинде ереуілге шыққандар саны аз болды. Полиция барлығы 14 адамды ұстағанын айтып отыр. Сондай-ақ, Амурдегі Комсомольск қаласында 6 адам уақытша қамауға алынған. Митингтер Красноярск, Новосибирск, Челябинск және Томск қалаларында да өтуде.