Түлкібастағы төбелес: Депутат бір соққымен әріптесінің миын шайқалтқан
2017 ж. 21 наурыз
3959
4
Оңтүстік Қазақстан облысында қос депутат төбелесіп қалып, ауруханадан бір-ақ шықты, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан облысының халық қалаулылары боксшы Головкиннен "кем түсер емес". Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары Өтепбай Маткәрімов пен Айтбек Меңлібеков жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласып кетті.
Бұл оқиға 17 наурыз күні орын алған.
Кейбір дереккөздерге сенсек, төбелес әкімдік ғимаратында болған. Белгілі болғандай, Маткәрімов бір ғана соққымен әріптесінің миын шайқалтақн. Қазіргі таңда қос депутат та ауруханада жатыр. Оның бірінің миы шайқалса, екіншісінің жүрегі ақау беріп, медициналық көмек қабылдап жатыр.
[caption id="" align="aligncenter" width="450"] Миы шайқалған депутат Айтбай Меңлібеков. Фото әлеуметтік желіден алынды.[/caption]Бір қызығы, олардың бірі бұған дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған, қазіргі таңда аудандық мәслихаттың хатшысы. Бұл оқиғадан соң қос бірдей депутат құқық қорғау органдарына шағым түсіріпті.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша (денсаулыққа қасақана зиян келтіру) іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың күз айында Оңтүстік Қазақстан облысында тура осыған ұқсас оқиға орын алған болатын. Ол кезде кәсіпкер аудан әкімін бөтелкемен ұрып, шекесін жарып жіберген.
Бұл оқиғадан соң төбелестің куәгері болған облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев лауазымынан төмендеп қалса, аудан әкімі қызметінен кетті.