26-бапқа қатысты өзгерістерді кейінірек қарастырамыз - Назарбаев
2017 ж. 03 наурыз
2800
8
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26-бабына өзгеріс енгізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Парламент палаталарының біріккен отырысы басталды.
"Ерекше атап өткім келетіні, бүкілхалықтық талқылау барысында барлық ұсынысқа қолдау болғанын айтуға болады. Халықтың 70 пайызы 26-бапқа өзгеріс енгізуді қолдады, алайда басқа да пікірлер болды. Бұл мәселе мүлікке қатысты. Кейбіреулер мүлікке ие болуды тек жерге иелік ету деп түсінді. Себебі жер реформасы туралы заңды қабылдауда мәселелер болды. Осы мәселе бойынша жалпыға ортақ бір пікірдің болғаны жөн. Әрбір саяси шешім салмақталған болып, халықты біріктіретін, келісімді қуаттайтын және халықты бір мақсатқа біріктіруге арналуы үшін 26-бапты өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Айтуынша, конституциялық реформа қазақстандық қауымдастықты біріктіруге арналған.
"Әрқалай түсіну Конституцияның 26-бабына өзгеріс енгізуге алып келді. Ал конституциялық барлық реформа қоғамның бірігуіне арналған, сондықтан 26-бапты өзгеріссіз қалдыруды ұсынамын, оның үстіне мұның айрықша ықпалы болмайды. Біз мүлік туралы айтқанда оның жерге теңдікті ғана білдірмейтінін түсіндіруіміз керек. Әрбір адамның түрлі мүлкі болады: баспанасы, жері, жылжитын, жылжымайтын мүліктері. Мүлік мәселесіне барлығы кіреді. "Әрбір" десек, онда "азаматтар" деген сөз қалады, барлық заңгер қолдады, себебі бұл елімізге түсіп жатқан инвестицияны қамтамасыз етеді, инвесторларымыз бен қазақстандықтардың сенімін арттырады. Бірақ асықпауымыз қажет, жұмыс істеу керек, осы мәселеде консесус болуы тиіс. Түсіндіру керек", - деді Президент.
"Біз бәрібір де осыған қадам басамыз, тіпті жер бойынша да, себебі иесіз жер - ешкімнің жері емес. Ол өзінің ауыл шаруашылық өнімін өндіру мүмкіндігінен айырылады. "Иесіз жер жетім" деген сөзді түсінуіміз керек. Сондықтан бұл баптың өзгерістерін біз кейірінек қарастырамыз. Республиканың барлық азаматы жеке иелігінде кез келген заңды мүлкін ұстай алады, алайда мүлікке қолсұғушылық болмайды, Конституцияда қалады. Бірақ талқылау барысында басқа пікірлеріңіз де болуы мүмкін, сондықтан ұсынып отырмын", - деді Мемлекет басшысы.