Қанат Сұлтанбеков қамауға алынды
2017 ж. 23 ақпан
3113
5
"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қанат
"2017 жылы 16 ақпанда Қанат Сұлтанбеков екі ай мерзімге қамауға алынды. Есіл аудандық № 2 соты 18 ақпанда үкімді шығарған", - деді қалалық сот баспасөз қызметінің маманы Ботагөз Баянова.
Осыған дейін, "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының орынбасары Қанат Сұлтанбековтың өкілеттігі алдын ала тоқтатылғаны хабарланған.
Қанат Сұлтанбеков бұрындары Астана және Алматы қалалары әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған, "Алматықалақұрылысында" инженер, бас инженер болып жұмыс істеген, сонымен қатар "Астана Халықаралық әуежайы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Білімі бойынша – құрылысшы инженер. "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы 2003 жылы құрылған. Қазіргі уақытта компанияның жалғыз акционері болып"Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ табылады. 2010 жылғы сәуірден бастап компания ҚР қорғаныс министрлігінің басқаруында.