Атамбаев 2010 жылы қырғыздардың құрбан болуына Қазақстанды айыптады (видео)
2017 ж. 20 ақпан
5035
11
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Euronews телеарнасына сұхбат беріп, ел тұрғындарының құрбан болуына Қазақстанды айыптады. Бұл туралы NUR.KZ порталы kazday.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Одақ бірінші кезекте Ресей мүддесін қолдайды және Қырғызстан тиімсіз жағдайда қалып қояды деп санамайсыз ба?» — деп сұрады журналист.
Атамбаев елдің саудаға араласуы және көршілес елдермен жұмыс істеуі маңызды екенін алға тартты.
«Еуразиялық экономикалық одаққа қосылмаған жағдайда, бізге блокада қаупі төніп тұрды. 2010 жылы Қазақстан бізге 1,5 айға блокада жасады, бізде, тіпті тұрғындардың құрбан болу жағдайы да тіркелді. Блокада жаман дүние болғандықтан, осылай болды. Бізге тағы қайда қосылуға болады, Ауғанстанға ма? Біз бүгінде Еуроодаққа кіруге әзірміз. Мен мұны ұсынғанда, маған ортақ шекарамыздың жоқтығын ашық айтты. Сонда бізге не ұсынасыздар? Бізде 6 млн адам бар. Джунглидегідей тұйықталып өмір сүру керек пе? Біз дамуымыз керек, бізге нарық қажет», — дейді Қырғызстан президенті.
Атамбаев одақтың Қырғызстанға тиімді екенін, халықтың бүгінде Ресейде заңды түрде еңбек етуге мүмкіндік алғанын мысалға келтірді.
Еске салсақ, Қырғызстан 2015 жылдың тамызында ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі атанған.