Нығматулин Абаевқа қазіргі қызметі үшін болашақта да жауап беретінін ескертті
2017 ж. 15 ақпан
2039
1
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 2025 жылы ауылды интернетпен қамту бойынша атқарған жұмыстарына есеп беруі тиіс деп мәлімдеді парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.
"Бірінші кезекте алдағы екі жыл ішінде 1290 ауыл мен 2 млн ауыл тұрғындарын интернетпен қамту жоспарлануда. Ал жыл соңына дейін барлық аудандық орталықтар 4G интернетімен қамтылады", — деп сендірді Абаев.
Ал еліміздің әр ауылына интернет тарту жұмысы 2025 жылы толық аяқталады деп күтілуде.
"Қалған ауылдарды, екінші кезеңде, 2020-2025 жылдары толық интернетпен қамтуды жоспарлап отырмыз", - деді ол.
Нығматулин бұл мәлімдеден кейін Абаевқа алдағы онжылдықта да министр орынтағында тұрақтай алуын тілеп, одан болашақта есеп күтетінін алға тартты.
"Сіз әлі жассыз, сол жылдары әлі де жұмыс істейтініңізге сенімді болуыңыз керек. Сол себепті, бұл жылдарға жауап беру үшін әлі келетін боласыз", - деді Нығматулин.