Бақытжан Сағынтаев қыруар қаржыны игере алмаған әкімдерді сөгіп тастады
2017 ж. 14 ақпан
1803
0
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 2 млрд теңге игерілмеген. Осыған байланысты үкімет отырысында премьер министр Бақытжан Сағынтаев аталмыш өңір басшыларының жұмысын сынға алып, олардан келесі жолы орынсыз ақша сұрамауды талап етті деп хабарлайды Baq.kz.
Үкімет отырысында игерілмеген қаражат бойынша алдымен есепті Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин берді. Кейін Қостанай өңірінің басшысы Архимед Мұхамбетов аталмыш бағдарлама бойынша 300 млн-ға жуық қаржының неге игерілмегендігін Үкімет басшысына түсіндірді. Бірақ әкімнің жауабына Бақытжан Сағынтаевтың көңілі толмады.
«Екі облыс әкімінің есебін тыңдадым. Менің түсінуімше, өзім кінәлі сияқтымын. Себебі, маған бұл туралы ақпарат беріліп, есеп тапсырылған болатын. Сіз неге бұл туралы айтып отырсыз? Ақшаны игере алмасаңыздар, сұрамаңыздар. Маған да алдын ала келмейтін боласыздар. Бұл сіздерге ғана қатысты емес. Жалпы айтып отырмын», - деді премьер министр.
Еске сала кетейік, бүгін үкіметте инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қарастырылды.