Ұлттық бюро: Бишімбаев 1 миллиард теңге жымқырған
2017 ж. 13 ақпан
2334
1
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңге қаражатты жымқырған деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.
Бәйтерек "ҰБХ" Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысынан "Orda Glass" ЖШС және оның мердігер ұйымы "Шымкентхиммонтаж" ЖШС арқылы 1 миллиард теңге жымқыру бойынша қылмыстық жоспар құрған.
Қылмыстық жоспарға осы аталған ұйымдардың жетекшілері Д.Ибрашев , Ж.Исабек және М.Қожабаев тартылған", - делінген хабарламада.
Ұрланған қаржы «Завод строительных металлоконструкций» ЖШС үлестес компаниясы арқылы жұмысшылардың тамағы мен жатын орнына деп қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Ведомстваның хабарлауынша, Бишімбаев көрсетілген соммадан жеке өзіне 2 млн АҚШ долларын сыбайлас інісі С. Нұрлыбек арқылы алған.
qazaquni.kz