БҚО әкімі бағасы 56 миллион тұратын көлік мініп жүр (фото)
2017 ж. 30 қаңтар
4568
3
Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов қызметтік көлігін ауыстырған. Аймақ басшысы енді мінсіз Audi A8 автокөлігімен жүреді.
Қазақстандағы Audi маркасының ресми дилері болып табылатын Алматыдағы Mercur Auto компаниясы сәнді әрі мінсіз көлік туралы мәліметтерді айтып берді.
Олардың мәлімдеуінше, Audi көлігінің соңғы үлгісі A8 Long Орал қаласына жіберілген. Бұл моделге енді тапсырыстар қабылданбайтын көрінеді. Өйткені, күзге таман жаңа түрі жарыққа шығады.
Алтай Көлгінов мініп жүрген көлік арнайы тапсырыс бойынша жасалған.
Бірақ, әкімдіктегілер көлікті қай кәсіпкерден жалға алғаны туралы айтпаған.
Еске сала кетейік, Елбасы Н. Назарбаев мемлекеттік қызметкерлердің қарапайым көліктерде жүрулері керектігін бұған дейін талай рет тілге тиек еткен. Әсіресе, лауазымды шенеуніктердің қымбат шетелдік көліктерді емес, отанымызда өндірілетін көліктерді алуы керектігін, бюджет есебінен қымбат көліктерге шығындалуды тоқтату керектігін қадап айтқан болатын. Алайда, Батыстың Алтайына Мемлекет басшысының сөзі әсер етпейтін секілді...
qazaquni.kz