Саясаттанушы Назарбаевтың орнына кім келуі мүмкін екенін болжады
2017 ж. 29 қаңтар
8527
26
Танымал қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстанда басталған саяси реформаға қатысты пікір білдірді әрі Назарбаевтың орнына кім келуі мүмкін екенін болжады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Саясаттанушы президенттің орнына кім келуі мүмкін екенін тізбектеді.
"Тұлғаларға келетін болсақ, олардың тізімі күрт өзгеріп тұрады. Соңғы жылдары бұл тұрғыда тұрақтылық жоқ. Тізімге президент отбасының кей мүшелері, ескі гвардия және президенттік ортадағы адамдар кіреді. Мүмкін деп қарастырылып отырған үміткерлер саны айтарлықтай көп емес. Бұл оның қызы - Дариға Назарбаева, күйеу баласы Тимур Құлыбаев, ҰҚК төрағасының орынбасары Самат Әбіш те бар", - деп болжамдарымен бөлісті Досым Сәтпаев.
"Ортасындағы адамдарына келетін болсақ, онда бірнеше адамның есімін атауға болады. Иманғали Тасмағамбетов - қоғамда өте танымал саяси элитаның жалғыз өкілі деуге келеді... Тасмағамбетов саяси элита ішінде бәсекелестері көп болғанына қарамастан, өте үлкен танымалдыққа ие", - деп түйді саясаттанушы.