Серік Ахметов рақымшылық бойынша жазасын қысқартуды сұрап отыр
2017 ж. 12 қаңтар
2680
0
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жаза өтеу мерзімін қысқарту туралы өтініш берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға соттың баспасөз қызметі.
"Серік Нығметұлы Ахметов жазасын өтеп жатқан мекемеден 2016 жылғы 12 желтоқсандағы рақымшылық жасау туралы заң қолданысқа енгізілген күннен бастап оның жазасының өтелмеген төрттен бір бөлігін қысқарту туралы өтініш берді", — деп хабарлады Абай аудандық сотының БАҚ-пен жұмыс үйлестірушісі Ардақ Жұмашев.
Өтініш тіркеліп, судьяға жолданды.
Еске сала кетсек, 2015 жылы желтоқсан айында Ахметов ірі көлемдегі ұрлаулар мен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.
Бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламентке "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы" заң жобасын енгізген.