Гүлнәр Каримованың үйіне тінту жасаған шенеунік Кеден комитетінің тізгінін ұстады
2016 ж. 22 желтоқсан
3148
0
Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қауіпсіздік қызметінің басшысы болған Муиджон Тохирий президент Шавкат Мирзиёевтың жарлығымен Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп жазады 365info.kz.
Ислам Каримовтың жеке күзетін басқарған генерал-майор Муиджон Тохирий жөнінде бұрынғы президенттің үлкен қызы Гүлнәр Каримова 2014 жылы үйіне тінту жасағанын жазған.
2014 жылдың ақпан айында Өзбекстанның арнайы қызметі Гүлнәр Каримованың Ташкенттегі үйіне басып кіріп, үйіндегі адамдарды тұтқындаған. Пәтерде Гүлнәр Каримованың өзі, азаматтық күйеуі Рустам Мадумаров, жеке көмекшілері Гаяне Авакян, Екатерина Клюева кішкентай баламен және қызмет көрсетушілер болған.
Кейіннен Өзбекстанның Бас прокуратурасының сайтында Мадумаров, Авакян және Клюевалар экономикалық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған. Өзбек билігі Мадумаров пен Авакянды ірі коррупциялық қылмыс жасады деп айыптады.