Президенттің батыл бастамаларына арналған кітап
2016 ж. 14 желтоқсан
2177
14
Туынды авторы Қайрат Бисембаев Ұлт лидерінің атом қаруынан бас тарту, әлемдік дінбасылардың басын қосу, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру және Астананы Арқаға көшіру секілді тағдырлы шешімдеріне терең үңіле отырып, оның қайраткерлік, көшбасшылық қасиеттерін түрлі қырынан аша түседі.
Бұл ретте автор Қазақстан Президенті жайындағы өз ойын әлемнің аса көрнекті саяси көшбасшыларының пікірлерімен көмкеріп, қызықты етіп жеткізеді.
Сондай-ақ төрт тараудан тұратын кітаптің тілі қарапайым, мазмұны тарихи деректер мен естеліктерге бай.
«Біз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықты да, сол бір кезеңнен жас мемлекетті Президентіміздің қандай қажыр-қайратпен алып шыққанын да, еліміздің жаңа ғасырда жаңа белестерге қалай қанат қаққанын да көрдік. Бүгінде соның бәрін ой елегінен өткізе отырып, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне іштей қайран қаламын. Сол сезім қолыма қалам алып, мені осы кітапты жазуға жетеледі» - дейді кітап авторы.
Шара барысында кітаптың мазмұны кеңінен ашылып, шығарма туралы мемлекет және қоғам қайраткерлері пікір білдірді.