Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе?
2016 ж. 09 желтоқсан
2831
1
Парламент cенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға көшіп келген уақытта басынан өткізген қызықты оқиғаны еске алды, деп хабарлайды Baq.kz.
Роликте Қасым-Жомарт Тоқаев парламент Астанаға қалай көшіп келгенін есіне алады. Ол кезде бас қаланың әкімі Әділбек Жақсыбеков болатын.
«1997 жылы осында көшіп келдік. Мен «Ишим» қонақ үйіне тұрақтадым. Қонақ үйдің қазіргі атауы «Есіл». Біраз уақыт өткеннен кейін қонақ үйдегі су тоқтап қалды. Ыстық су жоқ, ал суық су (краннан – ред.) әлсін-әлсін ағып тұр. Мен Әділбек Рыскелдіұлына (Жақсыбеков – ред.) телефон соқтым. Әдеке, қонақ үйде су жоқ дедім. Осыған дейін басқалар да осы себепті хабарласқан болуы керек. Ол маған: «Сіз мұнда жуынуға келдіңіз бе?», - деп жауап берді», - деп есіне алды сенат төрағасы.