Танымал блогер Бекболат Тілеуханға: Ауыздықты сізге салу керек!
2016 ж. 08 желтоқсан
7310
20
Халықтың аузына ауыздық салатындай, халық мал ме еді?
Facebook желісінің белсенді қолданушысы Айгүл Орынбек Бекболат Тілеуханнан қоғамда орын алып жатқан түрлі проблемалық мәселелерге назар аударуды сұрады деп хабарлайды NUR.KZ. Ол желідегі парақшасында осы туралы жазба қалдырды.
"Халық қазір күш. Халықтың аузын жабуды ойламай, халықтың көңілінен шығуды ойлаңыз, аға! Мінбеге халықтың аузын жабу үшін отырдыңыз ба?", - деп сұрақты төтесінен қойды блогер.
Сонымен бірге, ол Бекболаттан қоғамда өршіп тұрған өзекті мәселелерге көз жұма қарамауды сұрады.
"Қыршын кеткен тоғыз полиция қызметкерлерінің жағдайын сіз толғамағанда кім толғайды? Зорланып жатқан сәбилердің жан айқайын сіз жырламағанда, кім жырлайды, аға? Аға, неге біз осының бəрін көре тұра ауыздықталуымыз керек? Сіз айта алмаған дүниені біз айтқанымыз үшін кінəліміз бе? Сол үшін ауыздықталуымыз керек пе? Осыған жауап беріңізші, аға!", - деді ашынған ол.