Экс-премьер Серік Ахметов үкіметке 150 миллион теңге қайтарудан бас тартып отыр
2016 ж. 22 қараша
2070
0
Мемлекеттің ақшасын талан-таражға салғаны үшін сегіз жылға сотталған экс-премьер Серік Ахметов үкіметке 150 миллион теңге қайтарудан бас тартып отыр деп хабарлайды 31 арна.
Экс-премьер Серік Ахметов ісіне қатысты бес сотталушыдан материалдық шығын өтеуді талап еткен Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің арызын сот алқасы жартылай ғана қанағаттандырыпты.
Серік Ахметов пен Бауыржан Әбдішев бастаған экс-шенеуніктер үкімет қазынасына 148 миллионнан астам ақша қайтаруы тиіс болған.
Дегенмен сотталғандардың өзі шешіммен келіспей, аппелляциялық шағым түсірді. Енді үш бірдей арыз Қарағанды облыстық сотында қаралмақ.
Бұрынғы шенеунік пен аты шулы іске қатысы бар тағы төрт адамнан қомақты сома өндірілсін деген сот шешімі осыдан бір ай бұрын шыққан еді.