Зауытбек Тұрысбеков өзінің кім екенін бір сөзбен жеткізді
2016 ж. 27 қазан
5112
4
«Нұр Отан» партиясынның хатшысы Зауытбек Тұрысбеков ақкөңіл әрі таза адам екенін жайып салды. Ол аз дегендей хатшы «Мен Тұрысбековпін» деп, өзінің абыройлы азамат екенін еске салды өңірден NUR.KZ тілшісі.
Тілшілер тарапынан өзіне ұнамайтын сұрақ қойылған Тұрысбеков таза адам екенін айтып, барынша ақталды. Айтуынша, әлдекімдер оның есімін пайдаланып, күйе жаққысы келеді. Ол аз дегендей тілшілерге «...Мен Тұрысбековпін. Құдайға шүкір, абыройым өзіме жететін адаммын» деп өзінің кім екенін айтты.
«Мен қазір қызметте болмасам, қарапайым зейнеткер болатын болсам, «қойшы ол шалды» деп сендер менің қасыма да жоламайсыңдар... «Жігітті өлтіретін намыс, қоянды өлтіретін қамыс» деген бар. Мен жігіт адамымын. Сіздің берген сұрағыңызға намыстанып отырмын» деген Тұрысбеков көтерілгеніне бірнеше ай өткен істі қайта қозғаудың қажеті жоқтығын айтты. Онымен қоймай «Нұр Отан» хатшысы жасаған қайырымды жұмыстарын тізбектеп шықты.
Айта кетейік, Зауытбек Тұрысбеков Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Өзі туып-өскен облысты талай жыл басқарған танымал азамат. Сонымен қатар ол еліміздің Ресейдегі және Украинадағы, Өзбекстандағы Елшісі болып, Қазақстанның ІІМ министрі лауазымдарын атқарған. Айтпақшы, Оңтүстік Қазақстан облысында Тұрысбековтың әкесінің атында ауылдық округ пен көше бар.