Премьер-министрдің күйеу балалары Президентке тиесілі компанияларды тартып алып жатыр
2016 ж. 07 қазан
3864
0
Өзбекстандағы мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына 2 айдан аз уақыт қалды. Саяси партиялар өзбек елін басқаруға лайық деп таныған төрт саясаткердің кандидатурасы да дайын деп хабарлайды 31 арна.
Мирзияев өз пәрменімен Жұлдыз Османова, Обид Осомов, Шерәлі Джураев сынды қудалауда жүрген бірнеше өзбек жұлдыздарын сахнаға қайтарды. Жақында Сырдария облысына іссапармен барған уақытша президент Кәрімов салып берген нұрлы жолдан ешқашан айнымаймыз деп сұхбат берді.
"Президентіміз жаратып берген нұрлы жолдан әлбетте қайырылмаймыз. Ешкім бізді бұра алмайды. Сынбаймыз, ешқашан сынбаймыз", - деді Өзбекстанның уақытша президенті Шавкат Мирзияев.
Ал күні кеше президенттіктен үміткерлердің есімдері белгілі болды. Олар парламенттің вице-спикері Сарвар Отемурадов, 2015 жылғы президент сайлауына түскен Хотамжан Кетмонов пен Нариман Омаров. Және уақытша президент Шавхат Мирзияев тізімде.
Ал соңғы жылдары үйқамаққа алынып, қоғаммен байланысы үзілген Гүлнар Кәрімова твиттер желісіне қайта тіркелген сияқты. Өзін Ислам Кәрімовтің үлкен қызы ретінде таныстырған аккаунттан өкінішке толы хабарламалар таралған.
"Баршаңыздың қолдауларыңызға рахмет! Байланыста боламын. Телефонды тартып алмайтын шығар. Кешір апа, бұдан артық шыдай алмаймын", - деп жазған Ислам Кәрімовтің үлкен қызы Гүлнәр Кәрімова.
Бір қызығы, Кәрімов қайтыс болғаннан кейін әлемдік ірі ақпарат агенттіктері Өзбекстандағы саяси ахуал жайлы жақ ашпады. Бірақ жергілікті басылымдар Шавхат Мирзияевтің іссапарларын кеңінен насихаттай бастаған. Ферғана Оппoзициялық сайты Мирзияевтің Ресейдегі ең бай адамдардың бірі, Өзбекстанның тумасы Әлішер Османовпен құдандалығын еске салып, елді ары қарай кім басқаратынын аңғартқандай.
Оған қоса Лола Кәрімова мен Тимур Тілләевке қарасты кoмпаниялар Мирзияевтің екі күйеу баласына өтіп кеткені жайлы да расталмаған ақпарат бар.