Елбасы мораторий жариялағанша шетелдік 7 компания Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген
2016 ж. 29 қыркүйек
3685
1
Қазақстанда 12 шетелдік азамат пен шетелдіктердің үлесі бар 7 компания Нұрсұлтан Назарбаевтың жер туралы мораторийінен бұрын, Қазақстанның жерлерін жалға алып үлгерген.
«Мемлекет басшысы шетелдіктерге жерді жалға беруге мораторий жариялағанын білесіздер. Сондықтан, 2021 жылға дейін бұл тақырып (шет ел азаматтарына Қазақстан жерінің жалға беру -агенттік) жабық. Мораторийге дейін жерді жалға алып үлгерген азаматтар жұмысын істей береді. Заң кері жұмыс істемейді ғой»,- деді Ерлан Нысанбаев.
Жалпы, Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығына арналған 100 835 400 гектар жер бар екен. Мораторийге дейін 12 шетелдік тұлға мен шетелдіктердің үлесі бар 7 компания 31 мыңнан аса гектар жерді жалға алып үлгерген екен.
«Қазір Қазақстан бойынша жерді жалға алған 12 шетелдік тұлға бар. Олар 31.3 мың гектар жерді жалға алып отыр. Жалпы, Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі 100 835 400 гектар жер бар. Яғни, шетелдіктерге 0,03 пайыз гектар беріліп отыр. Бұл өте аз көрсеткіш. Шетелдіктердің үлесі бар 7 компания жұмыс істейді. Олар 80 мың гектар жерді пайдаланып отыр. Сондықтан, шетелдіктерге көп жерімізді беріп қойдық деп уайымдаудың қажеті жоқ», - деді Нысанбаев.