Иманғали Тасмағамбетов – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
2016 ж. 13 қыркүйек
3112
2
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы 1956 жылы 9 желтоқсанда дүниеге келген.
1979 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін, география және биология мамандығы бойынша тәмамдады.
Қазақстанның ЛКЖО ОК бірінші хатшысы (1989 жыл) және Қазақстан Республикасының Жастар істері бойынша Мемлекеттік комитетінің төрағасы (1991 жыл) лауазымдарында қызмет етті.
Иманғали Тасмағамбетов 1993 жылдан ҚР Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1994 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 1997 жылдан ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ҚР Білім және мәдениет министрі. 1997 жылдан ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы - ҚР Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі. 1999 жылдан - Атырау облысының әкімі. 2000 жылдың желтоқсанынан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі. 2003 жылдан ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2004 жылы ҚР Президент әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі. 2008 жылдың сәуірінен 2014 жылдың қазанына дейін - Астана қаласының әкімі. 2014 жылдың қазанынан ҚР Қорғаныс министрі.
qazaquni.kz