Дереккөз: 9 қыркүйек күні Кәрім Мәсімовтің үкіметі отставкаға кетеді деп күтілуде
2016 ж. 08 қыркүйек
3427
6
9 қыркүйек күні Кәрім Мәсімовтің үкіметі отставкаға кетеді деп күтілуде. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
КӘРІМ МӘСІМОВ. ФОТО ORTCOM.KZ
"Үкіметтің отставкасы күтілуде" — деді бұл жайттан хабардар агенттік дереккөзі.
Мәсімов Министрлер кабинетін алғаш рет 2007 жылы басқарды. Бұл қызметте 2012 жылға дейін болған Мәсімов 2012-2014 жылдары Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.
2014 жылдың екінші сәуірінде Мәсімов Қазақстан үкіметін қайтадан өз басшылығына алды.
Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 қыркүйек күні кеңейтілген үкімет отырысы өтетінін мәлімдеген болатын.