Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мінберге шыққаннан кейін Қазақстанның Әнұраны қосылды. Мемлекет басшысы оң қолын кедесуіне қойып, Әнұранды толығымен айтып шықты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
Парламентте Елбасы Әнұранды толық орындап, депутаттарға үлгі көрсетті
2016 ж. 01 қыркүйек
3765
8
Президент тұрған мінбердің микрофонын алдын ала қосып қойған болуы керек, Н.Назарбаевтың Әнұранды дауыстап тұрып айтып тұрғаны бүкіл залға естілді. Оны көрген депутаттар да еріндерін жыбырлата бастады.
«Депутаттар мен Үкімет мүшелерінің Әнұранның сөзін біліп, әнін айтып тұрғаны жарасады, жөн болады. Үндемей тұрмай...», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.