Ресми билік Өзбекстан президентінің қаза болғаны жайлы хабарды жоққа шығарды
2016 ж. 31 тамыз
2022
0
Өзбекстан президенті Ислам Каримов әлі ауруханада жатыр. Оның жағдайы тұрақты. Өзбек көшбасшысының өлімі жайлы хабар шындыққа сәйкес келмейді деп хабарлайды президент аппаратындағы дереккөзге слітеме жасап РИА Новости.
"Президенттің өлімі жайлы хабар шындыққа жанаспайды. Президент ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты", - деп атап өтті дереккөз.
Ресейлік өзге де бұқаралық ақпарат құралдары дәл осындай мәлімдеме таратты. Дегенмен, дереккөздің аты-жөні хабарланбай отыр.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та Каримовтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растамады деп жазады Skifnews.kz порталы.
Еске сала кетсек, өзбекстандық БАҚ Ислам Каримовтың қайтыс болғаны жайлы ақпарат таратқан болатын.