Атыраулықтар әкімдеріне іздеу жариялады
2016 ж. 29 тамыз
3487
0
Әлеуметтік желіде жуырда ғана Атырау қаласының әкімі болып тағайындалған Серік Шапкеновті жоғалтып, іздеу салынды. Бұған қатысты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
[caption id="" align="aligncenter" width="530"] Серік Шапкенов[/caption]«Мен 1920 жылғы Ландышева Катерина Ивановнамын. Тас жол деген атымен жоқ Атырау қаласы, Балықшы ауданы, Водников ауылының тұрғынымын. Қалаға жаңа әкім тағайындалды деп естігенмін, бірақ ол әлі төбесін бір көрсетпеген соң, алаңдап, полицияға хабарласуға мәжбүрмін. Қазір мазасыз уақыт, үнемі бізде қауіптің қандай да бір деңгейі жарияланады. Мұндайда қалай тыныш ұйықтайсыз, егер қалада әкім болмаса. Негізі, ол бар, бірақ түрін көргеніміз жоқ. Оны халықтан неғып тығып отыр?
Жаздың соңында қала үлкен қоқыс алаңына айналды, ал әкім болса, әлі жоқ. Енді күз келе жатыр, ал жол болса әлі жасалмаған, әкім жоқ. Мектептердің дайын-дайын еместігі де түсініксіз, тағы да оқулықтар жетіспей жатыр, ал әкім жоқ… Біздің әкімді тауып беріңіздерші!
Негізі, ол шайтанарба үйренетін курсқа барып жүр деген сыбыс бар. Әкімдерге арналған. Оған бекер тер төкпесін деңіздерші. Өйткені біздің қалада велосипедке арналған жол жоқ. Біреуі бар, әуежайға апаратын, онда да оны Путинге көрсету үшін салған. Әкімге іздеу жариялаңыздаршы, өтінемін! Жылумен қамту мерзімі тақағанда қаланы тастап кеткені, негізі болмады» деп жазылады әзіл-қалжың аралас Атырау қаласы әкіміне салынған іздеу хатта.
Әлеуметтік желідегі бұл жазбаға қатысты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі жауап берді деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов қаланың жағдайымен танысып жатыр, шағынаудандар мен қала сыртындағы елді-мекендерді аралап, көріп жүр. Ол қызметіне кіріскен жарты ай ішінде бірнеше рет қала тұрғындарын қабылдап, қаладағы ресми шараларға да қатысты. Соңғы рет қала басшысы ұстаздарға арналған тамыз кеңесіне қатысқан болатын.
Таяу күндері Серік Шапкенов Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен бірге мұғалімдердің облыстық тамыз конференциясына қатыспақ. Атырау әкімінің барлық БАҚ өкілдеріне тілдесу үшін әрдайым есігі ашық» — дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, Серік Шапкенов Атырау қаласына 14-шілдеде әкім болып тағайындалған болатын.
Дереккөзі: kaz.365info.kz