Мәсімов Медведевпен Кенесары ханның басын елге қайтару мәселесін талқыламақ
2016 ж. 12 тамыз
2510
3
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей премьері Дмитрий Медведевпен кездесуінде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеретінін мәлім етті. Бұл туралы ол Twitter-дегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды NUR.KZ.
«Д.А.Медведевпен кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеруді жоспарлап отырмын», - деп жазды премьер-министр желідегі парақшасында.
Еске сала кетсек, Қазақстанның премьер-министрі Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкімет басшыларының отырысына қатысу үшін Сочиге барған.