Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)
2016 ж. 09 тамыз
425540
7
Ыстамбұлда билік пен Ерндоғанға қолдау білдірген миллионнан астам адам митингке шықты. Бұл туралы tvrain.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Демонстрация кезінде Түркия президенті Режеп Ердоған, бұрынғы президент Абдулла Гюль, Бас штаб басшысы Хулуси Акар, Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым мен партия лидерлері сөз сөйледі.
Түркияның әскерилері 16 шілде күні билікті тайдыруға тырысқан. Елде әскери жағдай енгізіліп, коменданттық сағат бекітілді. Әскери әрекеттерге танкілер, авиация және өзге де техника тартылды.
Көп ұзамай билік жағдайды өз бақылауында ұстап отырғандарын мәлімдеді. Көтерілісті басқаннан кейін Ердоған елде жоғарғы жаза ретінде өлім жазасын қайтару мәселесін қарастыратынын мәлімдеді.
Бүгінде көтерілістен кейін қамауға алынғандар саны - 26 мың адам.
qazaquni.kz