Ердоған: Егер 15 минут кешіккенде, мені өлтіріп кететін еді
2016 ж. 20 шілде
2383
1
Түркия президенті Тайып Ердоған 15 минут кешіккенде өзінің ажал құшатынын жеткізді – деп жазады CNN теларнасына сілтеме жасаған Baq.kz.
Президенттің мәлімдеуінше, егер ол Маримарис қаласындағы өзі тұрақтаған қонақ үйде тағы да 10-15 минутқа бөгелгенінде, мемлекеттік төңкеріске әрекет еткен әскерилердің қолынан қаза табатын еді.
"Мармарис қаласындағы қонақ үйде маған қарсы операция жасалды. Екі оққағарымды өлтірді. Егер де қонақ үйде 10-15 минутқа бөгелсем, мені өлтірулері немесе тұтқынға алулары әбден мүмкін еді", — деп мәлімдеді Тайып Ердоған CNN телеарнасының эфирінен.
Сонымен қатар, Түркия президенті Мармарис қаласына отбасымен демалысуға келгенін жеткізді.
"Шілденің он бесі күні мен Мармаристе болдым, біз бес күндік демалыста болатынбыз. Кешкі ондар шамасында маған Анкара да, Ыстамбұл да және басқа да жерлерде қозғалыстың болып жатқандығы туралы баяндады… Біз дереу қонақ үйден кетуді ұйғардық», — деді Ердоған.
Содан кейін, телефон арқылы бейне байланысқы шығып, халыққа үндеу жасап, көшеге шығуды сұрағандығын айтты.