БІРІНШІ БАСШЫЛАРДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ КЕРЕК
2016 ж. 28 маусым
2652
1
«Ақ жол» партиясы бюджет қаражатын пайдаланудағы бұзушылықтар және мемлекеттік бағдарламаларды тапсыруды бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жеке жауапкершілікке шақыруды тағы да талап етті.
– Бұл туралы партия төрағасы Азат Перуашев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында 2015 жылға бөлінген бюджеттің орындалуы туралы Үкімет есебінің талқылануы барысында мәлімдеді.
Бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің Есебіне Түсіндірме жазбада, 5 институционалдық реформалар аясында Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігі және бюджеттік бағдарламалардың басшыларының тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеуі туралы кіргізілуге бағытталған делінген. Ал, бюджеттік бағдарламалардың нақты нәтижелерге қол жеткізілмей қалғаны жайлы бұл жерде аз мысалдар келтірілген жоқ, – деп атап өтті алдымен Азат Перуашев. – «Ақпараттық Қазақстан – 2020» бағдарламасының жүзеге асыру қорытындысы бойынша, анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 145 млрд. теңгені құраған. «Жергілікті қамтуды дамытуға жәрдемдесу» бағдарламасы бойынша да түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуда қазақстандық қамтуы 8% төмендеді.
«Еске салып өтсем, өткен жылдың күзінде, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңынан Қазақстандық қамту және Отандық өндіруші деген ұғымдар алынып тасталды, «Ақ жол» фракциясы 2015 ж. 11-қарашасында болған Мәжілістің пленарлық отырысында 9 рет мұндай шешімге қарсы дауыс берді – деді Азат Перуашев, – Бұдан кейін несіне таң қаламыз?».
Барлық фракциялардың депутаттары қаржылық бұзушылықтар мен орындамаған мемлекеттік бағдарламалар және тағы басқа көптеген мысалдар келтірді. Енді бірінші басшыларының жауапкершілігі туралы талап қалай жүзеге асырылғанына назар аударалық. Бюджеттік қаражатты игеру мониторингі қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар бойынша 24 адам жауапқа тартылған, оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке 1 адам тартылған, қалғандары сөгіс, ескертулер алған.
Жергілікті атқарушы органдарда 29 адам жазаланды, соның ішінде 3 адам атқарып отырған лауазымынан босатылған, қалғандарына сөгіс және ескертулер жарияланған.
Перуашев әріптестерінің назарын әсіресе кімді қалай жазалайтынына аударды. Мысалы, Инвестиция министрлігі департаменттің басқарма басшысы және сарапшы міндетін атқарушы жазаланды. Денсаулық сақтау Министрлігінде – Семей қаласының медициналық университетінің техникалық-пайдалану бөлімінің бастығы және тағы сол сияқты орта буын басшылар жазаланған.
– Сонымен, Түсіндірме жазбада айтылған бірінші басшыларымыз қайда? Неге тағы да мемлекеттік органдар «бағыттамаларды» іздейді? Сонда сарапшы немесе провинциядағы жоғары оқу орнындағы техникалық-пайдалану бөлімінің бастығы бағдарламаларды кешіктірген немесе миллиардтаған теңгені тиімсіз пайдалануына кінәлі болғаны ма? – деп назаланды «Ақ жолдың» көшбасшысы.
– Мемлекеттік бағдарламалардың көрсеткіштерінің сәтсіз болуына бюджет қаражатын игеру кезіндегі бұзушылықтар үшін мемлекеттік кәсіпорындардың бірінші басшыларын жеке жауапкершілікке тарту туралы заңды сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде енгізілуін біз кезекті рет ұсынамыз, – деді Азат Перуашев.
qazaquni.kz