Орталық Азияға бөтен ниетіміз жоқ - Қазақстандағы Қытай елшісі
2016 ж. 20 маусым
2432
1
Қытай тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін Орталық Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынаста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жыл сайынғы Орталық Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі конференцияда ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Ханьхуэй Чжан хабарлады.
Елшінің айтуынша, Орталық Азия өңірі терроризмнен ада емес, себебі бұл өңірге Ауғанстан мен Таяу Шығыс жақын орналасқан. Сонымен қатар, ол Орталық Азия үкіметі мен Қытайдың бірігіп күш салуы арқылы кез келген лаңкестік әрекеттерді тоқтата алатындарын мәлімдеді. Бұл үшін ол басқа мемлекеттер атсалысуы керектігін де атап өтті.
"Терроризм - бұл адамзат үшін ортақ жау. Терроризмен күресу керек. Біздің арам ойымыз жоқ. Әріптестігіміз өзара тиімді болады. Бейбіт саясатты жүргізетін боламыз", - деді елші.
Айта кетейік, Қазақстан аумағында қытайлық кәсіпорындардың аясында экономика саласында 51 жоба жүзеге асырылмақ.
Құрметті елшінің сөзінен қазақтың "көжеге тойсам, сорпаға иттігім жоқ" дейтін қалжыңға бергісіз мәтелін аңғаруға болатын секілді.
Дерек көзі: tengrinews.kz