Ерболат Досаев өзін ауыстырған Қуандық Бишімбаевтың орнына барды
2016 ж. 16 мамыр
1780
1
Отставкаға кеткен экс-министр Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингін басқаратын болды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, холдингті 2013 жылдан бері басқарып келген Қуандық Бишімбаев 2016 жылдың 6 мамырында ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын.
Ерболат Досаев Ұлттық экономика министрлігін 2014 жылдың тамызынан бері басқарған. Ол Ақордада 2016 жылдың 5 мамырында отставкаға кеткен еді. Бұған дейін ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшысы (2013- 2014 жылдары) болды, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі қызметін атқарды. Сонымен қатар, 1998 жылы премьер-министрдің кеңесшісі болды.
Дерек көзі: tengrinews.kz