Мені «автократ» не «диктатор» деп айтып жатады - Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев өзін Еуропада «диктатор» деп атайтын  сыншыларға жауап берді. АҚШ-та іссапармен жүрген елбасы басқа да  бірқатар мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

nazarbaev11

Сурет: nb.kz 

Қазір күллі әлемнің назары Вашингтонда. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өтіп жатқан АҚШ астанасына Ұлыбритания, Жапон премьерлері , Қытай төрағасынан соң алғашқы лекпен Қазақстан президенті келді. Семей полигонын жапқан Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудың жер-жаһанға төнетін қаупі туралы талайдан бері айтып жүр. Сондықтан Елбасы төрде, АҚШ президенті Барак Обаманың оң жағына жайғасыпты.

Атом бомбасы бар державаларға отпен ойнамауға кеңес берген ресми Астана өндірген шикі уранын Батыстың электр станцияларына жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Мұның алдында президент Американың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездескен болатын. Өткір сұрақтардың бірінде Назарбаев өзін «диктатор» деп сынаушыларға ашық жауап берді.

“Мен бұл қызметте көптен бері отырмын. Мені үнемі небір күнәларға батырып кінәлайды да  жатады. «Автократ» не «диктатор» деп айтып жатады. Мен бұған былай жауап берем: « 5 жыл сайын  ашық сайлауда халық мені жақтап дауыс береді. Және ол ешқашан 80 пайыздан кем болып көрген емес». Енді олай деуге қалай болады? – дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Дерек көзі: КТК