300 үміткер ойыннан шығып қалды
2016 ж. 11 наурыз
1995
1
ҚР мәслихат депутаттығына шамамен 300 кандидат сайлаудан шығып қалды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"1 теңге ма, 1000 доллар ма, бөлінген қаражаттың қандай да бір сомасы декларацияны беру кезінде есепке алынбаған болса, онда бұл заң бұзушылық болып есептеледі. Заңға байланысты мұндай адамдар сайлаудан шеттетіледі. Нақты деректерге сүйенер болсақ, олармен төменгі комиссия айналысу керек. Сауалға байланысты шығарылған шешім шағым айтушыны қанағаттандырмаса, онда олар бізге шағымдана алады", - деді Сәрсембаев Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.
"Санына келер болсақ, еліміз бойынша 300 кандидат сайлаудан алынды. Олар декларацияларын тиісті деңгейде көрсете алмады", - деді ОСК мүшесі.
Айта кетейік, Мәжіліс және мәслихат сайлауы 20 наурызда өтеді. Дерек көзі: tengrinews.kz