Экс-депутат әйелдердің еркектерге үйретері көп
2016 ж. 05 наурыз
6282
7
Еліміздің танымал экс-депутат әйелдері ер кісілердің олардан нені үйрену керектігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Саясат" басылымына сілтеме жасап.
Мәжілістің экс-депутаты Меруерт Қазбекова Мен ең бастысы майда-шүйдеге дейін мән беру керек деп ойлаймын. Кішігірім істер ұлы істерге ұласады. Саясаткер әйел кішігірім тұстардың өзін нақтылап отырады. Ерлерге де бұл қасиет артық болмас еді. Мәжілістің экс-депутаты Айгүл Соловьева Ерлерге әлеуметтік мәселелерді көбірек назарға алу керек, егжей-тегжейіне дейін ойластыра білуді үйрену керек. Себебі, бұл ірі мәселені шешудің маңызды қадамы. Ерлер кішігірім дүниелерге мән бермей, мәселені жаһандық деңгейде қарастырады. Ал әйелдер, өз кезегінде үлкен әсер беретін майда сұрақтарды да назарға алады. Одан кейін ерлер шыдамдылыққа үйренуі тиіс. Олар ренжігіш келеді. Сол себепті, сабырлық жетпейді. Мәжілістің экс-депутаты Бақыт Сыздықова Мен саясаткер әйелдер саясаткер ерлерді жемқорлыққа қарсы тұруға үйрете алады деп ойлаймын. Әйел қашан да бірінші кезекте ошағын сақтаушы, ана, жар, әпке, қыз, содан кейін ғана саясаткер. Ал ерлерде бұл тұрғыда бәрі әлдеқайда қарапайым. Мен мемлекеттік қызметте жүрген бірде бір әйелдің пара алғанын кезіктірген емеспін. Алмас бұрын ол отбасын, артындағы балаларын тағысын тағыларды ойлайды. Ал ерлер өзге тәсілдерді қоладанады. Қазіргі уақытта елімізде жемқорлық өршіп тұр, сол себепті саясатта ер кісілердің әйелден үйренетіні баршылық деп ойлаймын. Мәжілістің экс-депутаты Ирина Аронова Айтарлықтай қызықты сұрақ. Ерекше табиғатына сәйкес, әйел қашан да жұмысқа кіріспес бұрын әр тұсын егжей-тегжейіне дейін есепке алады. Әйелдер ерлер секілді дайындықсыз аяқ-асты кірісуді білмейді. Меніңше, саясатта барлық әйелдерге қиынырақ. Себебі, саясат - ерлердің саласы. Ерлер нәзік жандылардан жұмысын реттеп істеуді үйренуі тиіс деп ойлаймын. Қанша дегенмен, бала тәрбиелеп отырған әйел қамқорлықты жақсы жасай біледі. Осы тұстарға назар аудару керек. Дереккөз: Nur.kz