«Ақ жол» партиясының кезектен тыс съезі 3 ақпан күні өтеді
2016 ж. 23 қаңтар
2294
0
"Ақ жол" партиясының кезектен тыс съезі 3 ақпан күні өтеді. Бұл туралы бүгін аталған партияның төрағасы Азат Перуашев мәлім етті.
А.Перуашевтің атап өтуінше, бүгінгі күні партияның орталық аппараты мен облыстардағы филаларды штаб ретінде өз жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі уақытта партия атынан сайлауға түсетін үміткерлердің тізімін бекіту жұмыстары жүргізілуде.
«Партия төралқасы отырысында біз сайлауға қатысу туралы шешім қабылдадық. Бірақ оны еліміздің заңына сәйкес басқарушы орган ретінде партия съезі шешіуі қажет. Съезімізді 3 ақпанға белгілеп отырмыз. Мұндай шешім кеше кешкісін ғана қабылданды», - деді «Ақ жол» партиясының төрағасы.
Текст: Караван.kz