Атамқұлов "ылғи Астанамен байланыста"...
2015 ж. 23 желтоқсан
2129
0
ОҚО әкімі ауқымды шара кезінде телефонын ұстап сыртқа шығып кету себебін түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Кешеннің ашылу рәсіміне қатысқан ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов қайта-қайта телефонымен сыртқа шығып, көпшіліктің ызасын тудырды.
Артынша аймақ басшысы ол әрекетінің себебін түсіндіріп берді.
«Айып етпеңіздер, жұмысқа байланысты жиналысқа баруым керек. Ылғи Астанамен байланыстымыз ғой… Сіздердің алдарыңызда ғана еліміздің Білім және ғылым министрімен бірге Студенттер үйінің ашылуында болдым. Қазір он бес минуттан соң тағы жиналысқа баруым керек», – деді Атамқұлов.
qazaquni.kz