Түркия Ирактан әскерін алып кетуден бас тартты
2015 ж. 08 желтоқсан
2323
0
Сонымен, жақында ғана Ирактың премьер-министрі Хайдер Аль-Абади мәлімдегендей, Түркияның жауынгерлері мен танктерін Масула маңындағы базадан шығаруға Анкараға берілген екі тәулігінің 24 сағаты қалды. Ол баса айтқандай, ирактық әскер өзінің егемендігі мен шекарасын кез-келген сыртқы қауіптерден қорғауға қауқарлы.
Өз кезегінде Ирактың сыртқы істер министрі Ибрагим Аль-Джаафари түсіндіріп кеткендей, ел аумағын босату туралы талап жақында ғана енгізілген әскерге ғана қатысты, ол Ирактың солтүстігінде жауынгерлерді үйретіп жатқан түркиялық нұсқаушыларға қатысты емес.
Осы ретте БАҚ сілтеме жасап отырған түркияның жоғары шенді шенеунігі Анкара өз әскерін қайтарып ала қоймас деп мәлімдеді.
«Біз олар сонда қалады деп күтіп отырмыз», – деді ол.
Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглу Иракта жақында ғана орналастырылған түркиялық ірі әскери топтың болуын оқуға байланысты «жоспарлы ратациямен» ақтап алды. Оның айтуынша, бұл жаңа лагерь емес, керісінше жұмыс істеп жатқан «оқу орталығы, мақсаты террозиммен күресуде жергілікті еріктілер күшіне қолдау көрсету», деп мәлімдеді ол.
БАҚ хабарлағандай, түркиялық әскер Иракқа 4 желтоқсанда басып кірген. Олардың құрамында 20-25 танкімен күшейтілген 150-300 әскери қызметкер бар. Әскерлер Ирактың солтүстігіне жөнелтілді – Башик ауданы Масул қаласының маңына. Әскери қызметкерлер Масул қаласындағы бұрынғы ирактық полиция қызметкерлері мен еріктілерді оқытуды жоспарлауда.
Алайда Иракта түркиялық әскердің елге кіруін мемлекеттің егемендігін бұзу ретінде бағаланып, олардың шұғыл түрде кету талап етілді. Сонымен қатар, Бағдад Анкараны оның әрекетіне байланысты БҰҰ-ға шағым түсіремін деп қорқытты.