Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болды
2015 ж. 30 қараша
2763
6
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы аясында бірқатар маңызды шарттарды атап өтті. Әлемдік дағдарыс кезінде атқарылуы тиіс іс-қимылдар туралы кеңінен сөз еткен Елбасы, қиын кезеңдерде маңызды шарттарды қою өз әдетіне айналғанын тілге тиек етті.
Бүгін 30 қараша күні Қазақстан де-юро Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында хабарлады. Еске сала кетейік, Қазақстан 1996 жылдың 29 қаңтарында ДСҰ мүше болуға өтініш жолдаған болатын. Келіссөздер 19 жылға созылды. Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо Женевада Қазақстанның ДСҰ қосылуы туралы протоколға қол қойды.
qazaquni.kz