ҰЛТ ЖОСПАРЫН ОРЫНДАУ - БАСТЫ МІНДЕТ
2015 ж. 23 қараша
2586
1
Ақтауда Қазақстан саясаткерлері Конгрессінің қолдауымен Аймақтық сараптамалық кеңесінің алғашқы толық сессиясында облыс әкімі Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму векторлары ұлт Жоспарына қол жеткізуге құрылғандығын айтты.
Аталмыш кеңес отырысын ашып берген, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев :
- Елбасы өзінің бағдарламалық сөздерінде біздің еліміздің жалпы экономикалық құрылысындағы аймақтардың рөліне баса назар аударған болатын. Бүгінде Елбасының стратегиялық нұсқамалары мен тапсырмаларын жүзеге асыруда облыстардың маңыздылығы әрдайым өсіп отыратыны заңдылық. Өзінің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері мен өзгешелігі бар аймақтар мемлекеттің нығаюына ықпал ете отырып, елдің маңызды мәселелерін шешуге бағытталған мозаика іспеттес бірыңғай пазл болып құрылады. Бұл пазлдағы Маңғыстау облысының алар орны ерекше. Бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысын нүктелі әлеуеттендіру бойынша ауқымды жұмыстар жасалып келді. Біз аймағымыздың адами, технологиялық және табиғи қорларының бәсекеге қабілетті басым жақтарын ескере отырып, оны дамыту стратегиясын анықтадық, - деп атап көрсетті.
Сессияның жұмысына мемлекеттік және аймақтық органдардың жетекшілері, Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, сонымен қатар аймақтық сараптамалық кеңес мүшелері - “Қазақстанда кімнің кім екені” библиографиялық энциклопедияның редакторы Данияр Әшімбаев, “Альтернатива” Көкейкесті зерттеулер Орталығының директоры Андрей Чеботарев, “Еуразия әлемі” қорының директоры Эдуард Полетаев, “Стратегия” Әлеуметтік және саяси зерттеулер Орталығының директоры Гүлмира Илеуова, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтының аға ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Рүстем Қадыржанов, саясаттанушы Бақытжан Бұхарбаев қатысты.
- Аймақта болып жатқан үдерістерді сараптамалық бағалау билік органдарының тиімділігін арттыру тұрғысынан алғанда қажет. Қандай да бір үдерісді басқарудың әділ ғылыми-қолданбалы негіздемесі мемлекеттік органдарға көптеген бастамаларды жүзеге асырудағы тәсілдемелерді түзетуге мүмкіндік берер еді. Сараптамалық ортамен бірлесе әрекеттесе отырып, қоғамдық хал-ахуалдың жағдайын тереңірек талдағымыз және нәтижелі іс-шаралар атқарғымыз келеді. Қазірде, ұлт Жоспарын жүзеге асырудың бастапқы мәресінде тұрғанымызда, мен барлық тұрғындарды, барлық
әріптестерімді және сараптамалық қауымдастықты ашық сұхбатқа шақырғым келеді. Бізге кері байланыс алу өте маңызды қажеттілік болып отыр. Бүгінгі кездесу дәл осы мақсатта ұйымдастырылып отыр, - деп үндеу тастады Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
Анықтама үшін: Бүгінде Маңғыстау облысы аймақты дамытудың 5 стратегиялық бағыты күйінде дамуда. Дәстүрлі, мұнай-газ өндіру секторынан басқа көлік және логистика дамып келеді.
“Нұрлы жол” бағдарламасы аясында Маңғыстау аймағының көліктік-логистикалық әлеуетін 100 пайыз ашу қамтамасыз етілетін болады. Айталық, “Боржақты-Ерсай” теміржол құрылысы аяқталып келеді. Салынған инвестициялардың жалпы сомасы: 9,6 млрд. теңге. 2015 жылдың сәуір айында Құрық портында құны 16,4 млрд. теңге болатын паром кешенінің құрылысы басталды. Күтілетін жылдық көрсеткіш: 4,1 млрд. теңге. Маңғыстауды көлік жолы арқылы “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” халықаралық көлік дәлізімен байланыстыратын “Ақтау-Бейнеу-Атырау” автокөлік жолын қайта құру жобасын жүзеге асыру аяқталуда. Құны 36,5 млрд. теңге болатын “Шетпе-Жетібай-Ақтау” автокөлік жолын қайта құру бойынша жұмыстар басталды. Ағымдағы жылдың аяғында солтүстік бағыттағы Ақтау халықаралық теңіз портын кеңейту бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Құрылыс секторы дамудың жаңа айналымына ие болды.
Облыстың өндірістік сала түзуші кәсіпорындары: Каспий Цемент және Каспий Битум ішкі сұранысты қанағаттандырып қана емес, сонымен қатар өзінің экспорттық бағытын да дамытып отыр.
2020 жылға арналған аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен ТКШ жаңғыртуға 10 млрд. 251 млн. теңге бөлінген болатын.
Әлеуметтік сала қашанда аймақтың маңыздылығы зор басымдықтарының бірі болып табылады және болашақта да солай бола бермек.
Ағымдағы жылдың 10 айы қорытындысы бойынша жалпы алғанда 4100 орынға шақталған 12 мемлекеттік және 11 жеке меншік балабақша пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы апаттық мектептер бойынша мәселелер түбегейлі шешімін тапты.
7 ауылдық дәрігерлік амбулатория мен 1 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұдан басқа, Ақтау қаласында Ана мен баланы қорғау Орталығының құрылысы басталды. Жалпы алғанда, 10 ай ішінде әлеуметтік салаға 77 млрд. теңге бағытталған болатын.
Даму, Жұмыспен қамтудың Жол картасы, Бизнестің Жол картасы тәрізді мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы шағын және орта бизнесті дамытуға арналған қуатты дайындама жасалды. Жыл басынан бері облыста 24 мың жұмыс орындары ашылды, бұл мемлекеттік қолдаудың
қажеттілігінің дәлелдемесі болмақ. Шағын және орта бизнес субъектілерінің, сонымен қатар бұл салада жұмыспен қамтылғандардың көбеюіне кәсіпкерлікті қолдаудың нәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Мемлекеттік қолдау шараларымен 5 млрд. теңге сомаға 83 жоба қамтылған.
Mangystau Online ақпараттық орталығы