ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ НЫҒАЯ ТҮСТІ
2015 ж. 22 қазан
3823
0
«Жаңа Жібек жолы» жобасы бойынша Азияның саяси партияларының Халықаралық конференциясы шеңберінде Қытай және Орталық Азия саяси партияларының форумындағы "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың сөйлеген сөзі:
Құрметті ханымдар мен мырзалар.
Бүгінгі күні біз барлығымыз «Бір белдеу, бір жол» бастамасын қолдап, оның тарихи және өркениетті мәніне сүйеніп отырмыз. Ол өте маңызды.
Бірақ жоба мазмұнын түсінбестен оған қолдау көрсетуге бола ма? Әрқайсымыз көптеген әдемі көз тартарлық бағдарламаларды көрдік, алайда олардың барлығының нәтижесі көрсетіп ұсынғандай болды ма?
«Словарь Сатаны» еңбегінде «Саясаткер» сөзінің анықтамасын берген американдық публицист Амброз Бирстің сөзін еске салып өтейін: «Саясаткер – болашақты әдемілеп уәделейтін адам, ал ол әлі болмаған соң, оның неліктен келмегенін де әдемілеп түсіндіріп береді». Менің неге біз басқаны айттық, алайда мүлдем басқа нәтижеге жеттік дейтін мұндай анықтамаға берілгім келмейді.
Бізді бүгін осында өз елдерінде, өз сайлаушылары мен мемлекеттік органдары арасында Жаңа Жібек жолының бастамасына («Бір белдеу – бір жол») қолдау көрсетіп, оны одан әрі жылжыта алатын партия ретінде шақырып отыр.
Ендеше, бұл бастаманың практикалық жағдайларына тоқталған жөн. Мысалы, кейбір әріптестеріміз оның негізгі мақсаты – коммуникациялар мен инфрақұрылымды құру дегенде, мен оны былай демер едім. Себебі инфрақұрылым толықтырусыз бос қуыс болады, ал оны нақты адамдардың, кәсіпорындар мен өнімдер толтыруы тиіс. Ол қандай адамдар болады, кімнің кәсіпорны не кімнің өнімі деген сауал туындайды.
Бұл қатынаста маған кешегі кездесудегі ҚХР төрағасы Си Цзинпин мырзаның «Бір белдеу – бір жол» бастамасының тек ҚХР ғана емес, сол сияқты әр қатысушы-елдің мүдделеріне де жауап беретін болады деген негізгі тезисі жағымды болды.
Меніңше, бұл – негізгі мәселе. Себебі әр мемлекеттің ұлттық мүдделеріне сәйкестіксіз ешбір бастама өз қолдауын таба алмайды.
Бүгінгі күні бұл мүдделердіңең алдымен, қаржы ресурстарына қолжетімді болатынын атап өтті. Ал ҚХР аймақ елдеріне қаржылық қолдау көрсетуге қабілетті донорлардың бірі болып табылады. Біз қытайлық серіктестерімізге осы көмегі үшін алғысымызды білдіріп, мемлекеттіміздің көшбасшыларының бұндай келісімдерге жеткенін жоғары бағалаймыз.
Алайда, жоғары деңгейдегі келісімдерге толықтыру ретінде біз, парламенттік партия ретінде бизнеспен де, жергілікті қауымдастықтармен де кері байланысты қамтамасыз етуіміз, олармен көтерілетін мәселелерді қалыптастыруымыз керек.
Ал ол үшін бастаманың мазмұнына, одан шығатын ақша мен инвестицияларға өзіміз басты назар аударуымыз қажет.
Қандай тәуекелдер мен қауіптерге шалдығатынын, әрі, керісінше, қандай мүмкіндіктер мен басымдықтарға жетелейтінін талқылаумыз қажет.
«Біріншісі – жаңа Жібек жолы жобасы лаңкестікке қарсы әрекеттер мен қауіпсіздік мәселелерін шеше ме? Мүмкін, ол басқа бірлестіктердің жауапкершілік төңірегі шығар, - мысал үшін ШҚҰ мен АСҚШК. Ендеше бұл жауапкершілік аймағын тіркеу қажет. Себебі Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы белгілі оқиғалар қолайсыз жалғасын табатын болса, кейбір көршілестеріміз үшін даму мәселелері екінші қатарға кететін болады.
Екінші мәселе – жобаларды қаржыландыру орасан көп қаражат ағымын білдіреді. Осыған байланысты жемқорлыққа қарсы мәселесі де көтеріледі. Егер де бөлінген инвестициялар жымқырылып, экономикамыздан кететін болса, оның біздің дамуыз бен халық өміріне әсері шамалы болуы мүмкін. Ендеше бұл жобаға қоғамдық сенімнің де, күтілетін нәтижесі де қайғылы. Осыдан бір ай бұрын Қазақстан мен Еуропарламенттің парламентаралық тобының отырысы барысында еуропалық әріптестеріме жемқорлыққа және ақшаның заңсыз шығарылуына қарсы әрекет бойынша бірлескен жұмыс тобын құрауды ұсындым. Осыған ұқсас механизмді «Бір белдеу – бір жол» бастамасышеңберінде де дайындау мақсатты болады.
Ол одан басқа инвестицияларды пайдалану ашықтығы мен бағдарламаға деген сенім дәрежесін арттырады.
Бірқатар техникалық мәселелер де баршылық. Егер де біз жаңа Жібек жолы туралы практикалық мағынада айтатын болсақ, онда техникалық реттеу үндестігімен анықталу да қажет, кері жағдайда өндірістік жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкін емес. Сонымен қатар инвестициялық климат пен кәсіпкерлік бостандық, бизнеске арналған жеңілдіктер мен преференцияларды тең құқылы қолдану, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселелері туындайды.
Оған қоса, ұлттық мүдделер шеңберінде жобаларды оқшаулау міндеттерін де шешу қажет болады, себебі егер де қытайлық инвестицияларға қытайлық компаниялар тартылатын болса (әдетте, шетелдік инвесторлардың жасайтыны), орталықтандырылған азиаттық мемлекеттер үшін «Бір белдеу – бір жол» бастамасынан алатын пайдасы шамалы. Сәйкесінше, қандай өзгерістерді күту керек және жұмыссыздық мәселелерін шешуді қандай ауытқулар болатынын түсіну де қажет.
Басқа да туындайтын мәселелер: бастама шектігінде еркін сауда аймағы туралы мәселе қозғалды ма? Не болмаса небір кедендік кеңістік туралы? Ол валюталық одақтың қалыптасуын қарастыра ма – мысалы, қатысушы-елдердің өзара есептесуіне арналған жалпы төлемдік бірлік ретінде қытайлық юаньді қабылдауды, бұл тіпті оған резервтік валюта дәрежесін беру туралы сөздің барлық деңгейлерде қозғалуында? Ал бұлар болса, қыржылық және банктік реттеу мәселелері.
Сонымен, тағы бір атап өтетін сәт: көптеген аталған бағыттар бойынша шешімдер қабылданды, немесе Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде талқылануда. Алайда, конференцияға қатысса да осы сессияға Ресейдегі серіктестеріміз шақырылмаған. Әрі осы жерде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы ЕАЭҚ бірігеді деген сөз болды. Бұл жерде жаңа Жібек жолы бастамасының ЕАЭҚ қызметтестіктің жаңа форматы болып табылатынына, не болмаса оның альтернатива ретінде ғана қарастырылатынын анықтап алған жөн.
Ресей Қазақстан үшін маңызды серіктес болып табылады, бізде әлемдегі ең ұзын бірлескен құрған жол шекарасы орналасқан. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біз Құдаймен сыйланған көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен және басқа де елдермен тату болуымыз керек. Осыдан да мен бұндай талқылауларды ЕАЭҚ шеңберінде қабылданған шешімдер мен жағдайлардың ескерілуімен талдауды ұсынып отырмын.
Құрметті әріптестер. Кез келген қомақты жобаның бастапқы кезеңінде дұрыс қойылған мәселелер шешілуі табысқа дайын жауаптардан кем жемісін бермейді. Осыдан да мен бұл мәселелерді оптимизммен беріп отырмын.
Мүмкін, менің сөзім басқалардың құлағына жағымсыз болар. Алайда, мен татулас Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» атты маңызды бастамасының аймақтың дамуы мен еліміздің миллиондаған адамдары өмірінің сапасын арттыруда нақты қолайлы рөл атқарғанын қалаймын. Оны ашық әрі пайдалы тілдескендері үшін алғысымызды білдіретін Қытайдың Коммунистік партиясы тұлғасындағы жоба инвесторларының қалайтынына сенімдімін. Сіздерге бірлескен жұмысымызда сәттілік тілеймін.
Рахмет.
Пекин қ., 2015ж.16 қазан
qazaquni.kz