Әбіләзов Ресейге экстрадицияланады
2015 ж. 12 қазан
2147
0
Франция Әбіләзовты Ресейге экстрадициялауға келісті. Бұл туралы ресейлік“Новости” ақпараттық агенттігі экс-банкирдің қорғаушысына сілтеме жасап хабарлады.
Франция билігі «БТА Банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовті Ресей Федерациясына экстрадициялауға келісім берді.
Бұған дейін Францияның кассациялық соты банкирдің экстрадициялауға қарсы аппеляциясын қабылдамаған еді.
БТА Банк директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Қазақстан азаматы Мұхтар Әбіләзов Францияда 2012 жылдың 31 шілдесінде ұсталған.
Банкирді үш ел: Ресей, Украина және Қазақстан сұратқан.