Қазақтың көміріне қол жеткізген Порошенко алғысын қазақ тілінде айтты
2015 ж. 10 қазан
3462
20
9 қазан
Алдағы қыста Екібастұздың көмірі миллиондаған украиндар үшін нағыз жылудың көзі болады деп хабарлайды КТК арнасы.
Келіссөздер нәтижесін Назарбаев таза қазақ тілінде баяндады
Отынды тасымалдау жақын арада басталуы тиіс. Осындай келісім Украина президентінің Астанаға ресми сапары кезінде жасалды. Тек Петр Порошенконың қазақтың мұнайына қол жеткізем деген жоспары жүзеге аспайтын сыңайлы. Есесіне, Порошенко қазақ тілінде алғыс айтуды үйренсе, ол өз кезегінде Назарбаевқа украин тілін есіне түсірді. Украина президенті Астанаға жету үшін алыс болса да Ресейді айналып ұшуға мәжбүр. Киев пен Мәскеу арасында әуе қатынасының мүлдем тоқтауына байланысты Порошенко мінген борт Қара теңіздің үстімен Грузия, Әзірбайжан арқылы Астанаға кеше түнделетіп келді. Ал ресми сапары 9 қазанда басталған Украина президенті Ақордаға жұбайы Маринаны да ертіп келген. Ресеймен арадағы қырғи-қабақ соғысқа қарамастан Украина қазаққа жау емес. Сондықтан Порошенко мен Назарбаевтың арасындағы жеке кездесу протокол белгілеген 40 минуттан 2 есе асып кетті. Ағынан жарылған Украина президенті Назарбаевтың арағайындық танытып, қарулы қақтығысты тоқтатуға күш салғаны үшін алғыс айтса, елбасы Минск келісімінің орындала бастауын жақсылыққа балады.Келіссөздер нәтижесін Назарбаев таза қазақ тілінде баяндады“Минск уағдаластығы жалпы алғанда, орындалып жатқаны бізді қанағаттандырады. Әсіресе, кейінгі Норманд төрттігінің кездесуі үлкен үміт отын жақты. Украина үшін осындай күрделі кезеңде біз гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратын боламыз. Донецкіге де, Луганскіге де. Қазақстан Украинаның оңтүстік-шығысындағы халыққа азық-түлік жіберіп келеді. Оны да жалғастырады”, – дейді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Келіссөздер нәтижесін Назарбаев таза қазақ тілінде баяндады. Сөз әріптесіне тигенде, елбасы украинша түсінетінін, бірақ сәл ұмытып қалғанын айтқаны сол еді, Порошенко іліп әкетті. Осыдан соң Порошенко Астана төрінде отырып Кремльді тағы сынады. “Ортақ көршіміз Ресей Қырымды аннексиялап, Донбассты басып алды. Соның кесірінен 8 мың бейбіт тұрғын қаза тапты. Қазір соғыс уақытша тоқтады. Екі аптадан бері оқ атылған жоқ. Әрі қарай да тыныштық бұзылмасына сенеміз”, – деді Украина президенті Петр Порошенко.
Қазақстан Украинаға Екібастұздың көмірін беруге келісті, шикі мұнайды да жеткізуге даярСоғыстың кесірінен экономикасы әлсіреген Украина қазақтың энергоресурсына зәру. Әсіресе, Донбастағы шахталар бүлікшілердің қолына өткелі, отыннан қатты тапшылық көріп отыр. Сондықтан Қазақстан Украинаға Екібастұздың көмірін беруге келісті, шикі мұнайды да жеткізуге даяр. Бірақ құбыр Ресей аумағымен өтетіндіктен Кремльмен өзара келісу керек екен. Еуразиялық Одақтан гөрі, Еуропалық одақты жөн көретін ресми Киев санкцияларға байланысты Қазақстанмен алыс-берістің кемігенін мойындап отыр. Олқылықтың орнын толтыру үшін президенттер арнайы келісімге қол қойды. Астанадағы келіссөздерге көңілі марқайған Порошенко алғысын қазақ тілінде айтты. Бір ауыз сөз болса да, Ақордадан қазақша үйреніп шыққан Порошенко Қазақстанмен космос тіпті мәдени саладағы байланысты арттыруды қалайтынын мәлімдеді. Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап қазақ-украин қатынасын құрмет тұтатынын айтқан Порошенко түнде Ресейді айналып Каспий арқылы еліне ұшып кетеді.
Дереккөз: КТК арнасы