Назарбаев Ресейге қарсы санкцияны тоқтатуға шақырды
2015 ж. 09 қазан
2171
4
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Le Figaro басылымына берген сұхбатында Еуропа одағы салған Ресейге қарсы санкцияны тоқтатуға шақырды.
“Еуропаға одан әрі Ресейге қарсы санкция режимін сақтаудың қажеті жоқ. Бұл санкциялар саяси тұрғыдан алғанда нәтижесіз болды. Ресейдің өткеніне қараңыз, ол мықты мемлекет. Сіздер санкция арқылы оларды саяси бағытынан бас тартқыза алмайсыздар!”, – дейді ол.
Назарбаевтың сөзінше, санкция бірінші кезекте “украиналық құжаттамаға” қатысы жоқ адамдарға, шағын және ірі кәсіпорындардағы жұмысшыларға соққы болады. Сондай-ақ, оның сөзінше, француз шаруаларына да кері әсерін тигізеді.
Президент санкцияның күшеюіне бар күшіпен жол бермеуге және саясат пен экономиканы бөліп қарауға шақырды.
Дереккөз: NUR.KZ