Лукашенконы қолдағаны үшін депутат “Нұр-Отан” қатарынан шығарылды (видео)
2015 ж. 22 қыркүйек
2703
4
21 қыркүйек
Беларусь президенті Александр Лукашенконың жанар-жағармайға қатысты пікірін қолдаймын деп басы бәлеге қалған шымкенттік депутат Жамбыл Қалауов мандатынан айырылмағанын мәлімдеді деп жазды rgmedia.kz.
Күні кеше «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылған Жамбыл Мұратұлының бұл отырысқа аса дайындықпен келгені анық байқалды. «Өзімнің ойымды, өзімнің Беларусь президентіне деген симпатиямды айтқандағы жағдайым ел ішінде президентіміздің атына болмаса “Нұр Отан” партиясының атына айтылған сын емес. Менің ондай ешқандай ойым болған емес. Ондай ойда емеспін. Өз атымнан сенімді түрде мәлімдеймін… Беларусь елі президентінің жанар-жағармай бойынша жиналыстағы айтқан мағлұматтары біздің президентіміздің намысына, я болмаса бір несіне тигізер сын деп қабылдайтындай мен ешқандай не айтқан жоқпын деп ойлаймын… Тағы да қайталап айтайын, өз аузымнан, иә, мен бүгінгі таңда мен “Нұр Отан” партиясы мүшелігінен шығарылдым. Бірақ депутаттық мандатым өзімде. Сондықтан бұл туралы “резонанс” жасаудың қажеті жоқ», – дейді Қалауов. Ол Конституцияда көрсетілгендей әр адам өз ойын жеткізуге құқылы екенін алға тартты. Сондай-ақ, ол өзінің 2007 жылдан бері және депутаттық лауазым алғанға дейін президенттің қолдаушысы екенін, оның барлық идеяларын қолдайтындығын жеткізді. Сөзін аяқтаған халық қалаулысына журналистер сұрақ қоймақ болып еді, алайда депутат «без комментариев» деп құтылғысы келді. Сонда да кетуге асыққан Қалауов мырзадан 3-4 сұраққа жауап алуға мүмкіндік болды. – Таратылған видеоға қоса жазған жазуды нақтылап айтып беріңізші… – «Батька – красавчик. Нам бы такого елбасы» деп жазғанмын. – Әлгі видеоны расымен де өзіңіз тараттыңыз ба? Себебі кейбір БАҚ-тарда көмекшісі деген ақпарат жарияланып еді… – Көмекшім жазғанда да, жазбағанда да мен жауап беріп тұрмын. – Қысым болып жатыр ма басқа жақтан? – Жоқ, ондай ешқандай қысым жоқ. – Партия мүшелігінен айырылдыңыз. Енді депутаттық мандаттан айырылып қалудан қорықпайсыз ба? – Енді ол болашақтың еншісінде деп ойлаймын… «Без комментариев».Дереккөз: NUR.KZ