Бауыржан Байбек қалалық балалар ауруханасының басшысын қызметінен қуды
2015 ж. 18 қыркүйек
2977
3
Әлеуметтік желіде санитарлық жағдайы сақталмаған сорақы орын деп жазылған аурухананы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, арнайы тексеріп келді.
Көзбояушылықты көзімен көрген басшылар, аурухананың бас дәрігері мен тазалыққа жауапты мамандарын шұғыл жұмыстан босатты. Ісіне жауапсыздар енді бұрынғыдай арамтамақ боп мемлекеттің қазынасына қол салмайтынын қатаң ескертті атқамінерлер. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын, қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан емделуші, палатада санитарлық жағдайдың жоқ екенін жазып, әлеуметтік желідегі парақшасына суреттерін салған еді. Бірден, назарға ілінген жағдайды қала әкімі ескеріп, шұғыл тексеріп келді. Бірақ, шаң басқан палата мен тозығы жеткен әжетхана жоқ мұнда. Әкім келеді дегенді құлағы шалған, аурухана басшылары бір түнде бояп тастапты. Ұяты сол, сырланған еденнің бояуы кеппеген әлі. Жасандылықты көрген шаһар басшысы бүгіннен қалдырмай қатаң шара қолдануды тапсырды.Дереккөз: Алматы ТВ